"Таза Қазақстан": Астанада полицейлер экологиялық талаптарды бұзған азаматтарды анықтады
Астанада полицейлер экологиялық талаптарды бұзған азаматтарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полиция "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында қаладағы абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау мен алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен санитарлық жағдайды қамтамасыз ету бағытында кешенді іс-шаралар өткізуде.
Акция басталғаннан бері полиция қызметкерлері абаттандыру саласында 69 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтап, тоқтатты. Экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 698 жүк көлігі және 213 ассенизаторлық көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ мердігер ұйым ретінде жауапты тұлғалар қазылған жерлерде қауіпсіздік талаптарына сәйкес қоршау мен сигналдық лентаны орнатуды қамтамасыз етпеген, сондай-ақ бұзылған абаттандыруды қалпына келтірмеген.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жауапкершілік көзделген.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын, абаттандыру ережелерін және қоғамдық тәртіп нормаларын қатаң сақтауға шақырады. Құқық бұзушылықтар кез келген уақытта және кез келген жерде анықталуы мүмкін.
