Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Таза Қазақстан»: Атырау полицейлері қарияға қолғабыс етті

Атырау облысының полицейлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында қарияға қол ұшын беріп, көмекке келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғам тыныштығы мен тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуде тәртіп сақшылары қызметінің жауапкершілігі орасан зор. Халқы үшін абыройлы қызмет етіп, әрдайым қоғамды елеңдеткен жағдайлар мен оқиғалардың бел ортасында жүрсе де, олардың арасында қызметпен қатар қайырымдылық жасаудың биігінен көрініп жүрген полиция бөлімі жетерлік.

Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қашан да қайырымдылық іс-шараларының басы-қасынан табылады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтайтын, мүмкіндігінше көмек беруге ұмтылатын полицейлер аз қамтылған отбасыларға, бүлдіршіндер мен ауыл қарияларына көмек беруді де дәстүрге айналдырған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен республика аумағында 15 сәуірден бастап экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесу мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы орайда, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Шортанбай ауылындағы қариямен кездесіп, үй ауласын шөптен тазалап, күл-қоқыстарын шығарып, ағаштарын суарып беруге жәрдемдесті.

Шортанбай ауылының қариялары мейірімділікке толы жан жылуын сыйлап, сауапты іске бастамашыл болған аудандық полиция қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру