Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Таза Қазақстан»: экологиялық құқық бұзушылықтар үшін 2 миллион айыппұл салынды

Қоршаған ортаны қорғау және Павлодар ауданының аумағында ластанудың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 24 шілдесінен 30 тамызына дейін экологиялық заңнаманы бұзушылардың әрекеттерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара барысында полиция 543 экологиялық бұзушылық фактісін анықтады.
Алғашқы тәртіп бұзушылар арасында бірінші болып алкогольдік ішімдікке әуестер немесе мас күйінде қоғамдық орындарда жүрген адамдар анықталды – олардың саны – 157. Екінші дәрежелі бұзушылар – тыйым салынған жерлерде шомылғандар және абаттандыру ережелерін бұзушылар. Үшінші орынды жалпы аумақты ластайтын азаматтар алады – 40 адам. Іс-шара басталғалы бері белгісіз жерлерде сауда жасаған 20 адам, заңсыз аң аулағаны үшін 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік материалдарды қарау нәтижелері бойынша салынатын әкімшілік айыппұлдар сомасы 2 миллионнан астам теңгені құрады.

– Рейдтер кезінде полиция қоқысты белгіленбеген орындарға тастайтындарды анықтайды және тек ұйымдар ғана емес, пәтерді немесе үйді жөндейтін азаматтар да заң бұзатындығын атап өткен жөн. Мәселен, Павлодар қаласының бес тұрғынына қатысты, Ертіс жағалауының аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын шығару бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Қоқыстарды белгісіз орындарға тастағаны үшін олар ҚР ӘҚБтК 505-бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғалым Сарғұлов.

Полиция экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жалғасатынын, ашық табиғатта демалу заң бұзушылықсыз жүргізілуі керек екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру