Текелі тұрғыны ұрланған автогрейдерді бөлшектеп, металға өткізіп жіберген
Текелі тұрғыны ұрланған автогрейдерді бөлшектеп, металға өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz
20 қазан күні Текелі қаласының полиция бөліміне өз қызметтерін уақытша тоқтатқан қалалық ЖШС басшылығы жүгінді. Арызда ол кәсіпорынның мүлкін ұрлау фактілерін көрсетті. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында тәртіп сақшылары арнайы техниканы ұрлады деген күдікпен 39 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті өз айғақтарында тек қараусыз қалған, жұмыс істемейтін грейдерді алып, бірнеше бөлікке кесіп, облыс орталығындағы металл сынықтарына тапсырғанын түсіндірді. Ұрланған мүлікті табу әзірге мүмкін болмай отыр, себебі металл сынықтарының үлкен партиясы Алматы қаласына балқытуға жөнелтілген.
Іс бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес жүргізілуде. Күдіктіге қатысты келуге міндетті процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.