Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Телефон ұрлаған наубайхана қызметкері ұсталды

Түркістан облысының полицейлері телефон ұрлады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, наубайхана иесі арызданып, ұялы телефоны ұрлағанын хабарлайды. Ер адамның айтуынша, оның кәмелетке толмаған баласының құны 60 мың теңге тұратын ұялы телефоны ұрланған.  Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Қазығұрт АПБ-не тіркелді.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына барып, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Полиция қызметкерлері жәбірленушіден және басқа да куәгерлерден жауап алып, жақын маңдағы аумақтарды аралап, басқа да қажетті шараларды жүзеге асырды.

Қабылданған жедел шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары телефон ұрлаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, наубайхана қызметкері болып шықты. Одан ұрланған телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қырағы болу және құнды заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Қымбат ұялы телефондар, ақша және құнды заттарды көпшілік алдында көрсетпеу керек, оларды сөмкенің ішінде немесе киімнің ішкі қалтасында сақтау керек. Бөлмелер мен үйде бейнебақылау камералары мен күзет дабылы орнатылуы керек. Бағалы заттар ұрланған немесе жоғалған жағдайда, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласқаныңыз жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру