Темекі өнімдерін ұрлап кеткен шымкенттік анықталды
Супермаркеттен темекі өнімдерін ұрлап кеткен шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйек Әл-Фараби АПБ-на жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қатынас хат келіп түсті. Онда супермаркеттен белгісіз біреу 900 000 теңге тұратын темекі өнімдерін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ ЖҚПБ учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.