Темір гаражды ұрлап кеткен теміртаулық ұсталды
Темір гаражды ұрлаған Теміртаудың тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде 51 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы, Теміртау қаласының ПБ-на жүгініп, белгісіз біреу темір гаражды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын мөлшері 300 мыңнан астам теңгені құрайды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
25 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, темір гаражды қараусыз қалған деп санап, оны өз мақсатына пайдалануды ұйғарған. Кран әкеліп, оның көмегімен гаражды жүк көлігіне тиеп алып кеткен.Қазіргі уақытта ұрланған заттар иесіне қайтарылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.