Темір ұрлаған екі қызылордалық анықталды
Темір ұрлаған екі қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 15 сәуір күні қала тұрғыны арызданып, жеке тұрғын үйінің ауласынан үш дана алты метрлік темір швеллерін ұрланғандығын айтқан. Жәбірленушіге келтірілген залал – 280 мың теңге. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен ұрлық қылмысына қатысы бар күдікті екі облыс тұрғыны анықталып, ұсталды.
Олардың біреуі бұрын сотты болған. Күдіктілер жасаған қылмысын мойындап, ұрлаған заттарды өткізіп, пайда көрмек болғанын айтқан. Айғақ зат ретінде ұрланған заттар алынды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-баптың 3-бөлігімен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.