Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Темір ұрлаған ұры қызылордалық полицейлермен ұсталды

Темір ұрлаған ұры қызылордалық полицейлермен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 шілде күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны арызданған болатын. Оның айтуынша, сарай есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, белгісіз біреулер 6,8 метрлік 7 дана темір трубасын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын есептелуде.

Ақсай полиция бөлімінің полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті ретінде, қала тұрғынын құрықтады. Ол толықтай өз ісін мойындады. Айғақ заттары егесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы (Тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру