Теміртау тұрғыны көлік жөндеу орнынан ұрлық жасаған
Теміртау тұрғыны көлік жөндеу орнынан ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Күдікті қаладағы автожөндеу мекемесінің есігінде тұрған құлыпты бұзып кіріп, ішінен теледидар, мыс кабельдері және құрал-жабдықтарды қолды қылған. Жәбірленуші тарапқа 1 миллион теңге шығын келген.
Күдіктінің ізін суытпай ұстауға жәбірленуші тараптың қылмыстық оқиғаны дер кезінде хабарлауы себеп болды. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе беліглерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.