Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртау тұрғынын алдап, банк картасынан ақша шешіп алған күдікті құрықталды

Теміртауда қала тұрғынын алдап, банк картасынан ақша шешіп алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 22 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Азаматша тәртіп сақшыларына белгісіз біреу 18 жастағы туысқанының банк картасынан 337 мың теңге ақша шешіп алғаны туралы хабарлады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші 18 жастағы азамат психиатрлық науқас екені анықталды. Ол бір жігітпен танысып, соған сеніп жүрген. Кейінгісі жәбірленушінің банк картасын алып, дүкеннен азық-түлік әкеліп беремін деген. Алайда банк картасынан жәбірленушіге мемлекет тарапынан берілген жәрдемақының барлығын шешіп алған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру