Теміртау тұрғынының көзінше автокөлік айдап әкеткен күдікті ұсталды
Теміртау тұрғынының көзінше автокөлік айдап әкеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне Абай көшесінде ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Жәбірленуші 44 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне бірнеше минутқа автокөлігінен шығып, дәріханаға кіргенін, одан шығып келе жатқанда өзінің көлігіне белгісіз азамат мініп жатқанын айтқан. Жәбірленуші күдіктінің қылмыс үстінен ұстап алғанымен, ол бар жылдамдықпен көлікті айдап әкеткен. Арада бірнеше уақыт өткенде ұрланған автокөлік Республика даңғылынан табылған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 46 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе беліглерін берді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың екінші көлік айдап әкетуге қатысы барлығы анықталды. Күдікті сол күні автотұрақтан автокөлік ұрлап кеткені белгілі болды. Алайда бес жүз метр жүрген соң көлікті тастап кеткен. Оның ісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабына квалификация жасалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.