Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда 16 жастағы жасөспірім зергерлік бұйымдар ұрлаған

Теміртау қаласында зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы Ескіқалалық полиция бөліміне 44 жастағы қала тұрғыны пәтерінен белгісіз біреудің 335 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарын, атап айтқанда екі сақинасын, екі сырғасын, білезігі мен алқасын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 16 жастағы жасөспірімді ұстады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық)  қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру