Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда 24 жастағы жігіт Mercedes Benz автокөлігін ұрлап кетті

Теміртауда 24 жастағы жігіт Mercedes Benz автокөлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусымда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ер адам белгісіз біреудің түнде көп қабатты үйдің ауласында тұрған Mercedes Benz автокөлігін ұрлағанын түсіндірді. Келтірілген шығын мөлшері бір миллион 400 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

18 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдікті 24 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру