Теміртауда алты ай бұрын куәлігінен айырылған мас жүргізуші ұсталды
Теміртауда алты ай бұрын куәлігінен айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйекте Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері сағат 1.30 шамасында 8 шағын аудандағы үйлердің бірінің жанында жылдамдықты асырып бара жатқан көлікті тоқтатты. Көлікті тізгіндеген 36 жастағы ер адамды тексеру кезінде, медициналық сараптама оның мас болғанын анықтады. Сонымен қатар, полиция ұсталған адамның алты ай бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын мас күйінде басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.