Теміртауда бір ай бұрын адам тонаған күдікті ұсталды
Теміртау қаласында бір ай бұрын жасалған адам тонау қылмысы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қазанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 55 жастағы әйел хабарласып, кешкі уақытта үйге қайтып бара жатқанда белгісіз біреудің иығында ілініп тұрған сөмкесін ала қашқаны туралы шағымданған.
Сөмкеде әйелге тиесілі банк карталары болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 15 мың теңгені құрады.
4 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азаматты ұстады. Күдікті кінәсін мойындады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.