Теміртауда дүкен сатушысы қарақшыға қарсылық көрсеткен
Теміртауда дүкен сатушысы қарақшыға қарсылық көрсеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 желтоқсан күні Теміртау қаласындағы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне белгісіз біреу көкөніс павильонының сатушысына шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция отряды келді.
Жәбірленуші – 33 жастағы сатушы сағат 16.00 шамасында белгісіз бір адамның дүкенге кіріп, күш қолданып, кассадағы ақшаны алып кетпек болғанын айтты. Бірақ сатушы әйел қарсылық көрсетіп, күдікті ойын іске асыра алмаған.
Полицейлер күдікті 38 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-191 бабы (Тонау әрекеті) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.