Теміртауда ер адам үйдің кіреберісіндегі бейнекамераны ұрлап кеткен
Теміртауда ер адам үйдің кіреберісіндегі бейнекамераны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 наурызда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Ол үйдің кіреберісінде белгісіз біреудің пәтер есігінің үстінде орнатылған бейнебақылау камерасын ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 68 мың теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
6 наурызда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.