Теміртауда ер адам ВАЗ-21065 көлігін ұрлап кетті
Теміртауда ер адам ВАЗ-21065 көлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 маусымда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол белгісіз біреу құны 400 мың теңгені құрайтын ВАЗ-21065 автокөлігін ұрлап кеткен деп түсіндірді.
Кешке жұмысқа кеткенде жәбірленуші көлігін үйінің қасына қойып, таңертең оның жоғалып кеткенін анықтаған. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
21 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрланған көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.