Теміртауда ер адам жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кетті
Теміртауда ер адам жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 шілдеде 30 жастағы қала тұрғыны Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші әйел өзінің пәтерін белгілі бір адамға бірнеше сағатқа жалға берген. Ол тұрғын үйдің жағдайын тексеруге келгенде 240 мың теңгенің теледидарының жоғалып кеткенін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, теледидар тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.