Теміртауда ер адам жүк көлігінен екі аккумулятор ұрлап кетті
Теміртауда ер адам жүк көлігінен екі аккумулятор ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 желтоқсанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 58 жастағы қала тұрғыны арызданған. Белгісіз біреу жеке тұрғын үйдің ауласында тұрған жүк көлігінің екі аккумуляторын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.