Теміртауда кафе қызметкерінің телефонын үптеп кеткен күдікті ұсталды
Теміртауда кафе қызметкерінің телефонын үптеп кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қыркүйекте Қарағанды облысының Теміртау қаласының шығыс полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Әйел қаладағы кафелердің бірінде жұмыс істейтінін хабарлады. Сол күні белгісіз адам сөреде қалдырған ұялы телефонды ұрлап кеткен. Шығын 262 мың теңгені құрады.
Полиция ойын-сауық мекемесінің ғимаратында орнатылған бейнекамераның жазбасын зерттеді. Бейнекамера жазбасында бір клиент жәбірленушінің жоқтығын пайдаланып, бардың артына өтіп, ұялы телефонды қолына алғаны жазылған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 48 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
Осыған ұқсас қылмыс Қарағандыда болды. Онда 26 жастағы ер адам кафеге клиент ретінде келіп отырғанда құны 218 мың теңге тұратын телефонын жоғалып кеткенін анықтаған. Бұл оқиға жәбірленуші ұялы телефон орналасқан үстелден бірнеше минутқа алыстаған кезде болған.
«Ізін суытпай» криминалдық полиция қызметкерлері ауылдық аудандардың бірінің 49 жастағы тұрғынын күдікті ретінде анықтап, ұстады.
Екі дерек негізінде ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.