Теміртауда «клиент» автокөлік кешенінен қосалқы бөлшектерді ұрлап кеткен
Теміртауда «клиент» автокөлік кешенінен қосалқы бөлшектерді ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгісіз біреу автокешен аумағында жүріп, автокөліктің қосалқы бөлшектерін – бес есікті ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол автокешенге көлігін жөндеу шарттарын келісу үшін келгенін түсіндірді. Көліктен қараусыз қалған есіктерді көрген қаскөй оларды көлікке тиеп, қашып кеткен.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.