Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарып келе жатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Теміртаулық полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарып келе жатқан ерлі-зайыптыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қазан күні сағат 18.00 шамасында Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару барысында Момышұлы көшесінің бойында күдік тудырған автокөлікті тоқтатқан. Полицияға көліктің күдік тудыруының себебі автокөлікте мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған. Темір тұлпарды 41 жастағы азамат басқарған. Артында келе жатқан екінші көлікте 39 жастағы азаматша болған. Олардың ерлі-зайыпты екені белгілі болды.

– Көліктердің құжаттарын тексеру барысында бірінші және екінші көлікте де шанақ нөмірлері құжатпен сәйкес келмеген. Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында ерлі-зайыптылар Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне жеткізіліп, көліктері айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 386-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – деді Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Асет Буланбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру