Теміртауда өзгенің көлігінен қомақты ақша ұрлаған жасөспірімдер ұсталды
Теміртауда өзгенің көлігінен қомақты ақша ұрлаған жасөспірімдер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 13 және 14 жастағы жасөспірімдер ұсталды.
Белгілі болғандай, жасөспірімдер түнгі уақытта қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөліктің ішіне кіріп, одан 4 миллион теңге ақша ұрлап кеткен.
Күдіктілер жасаған қылмыстары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Тәртіп сақшыларымен айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.