Теміртауда пәтерді тонап, теледидар алып кеткен қаскүнем ұсталды
Қарағанды облысының Теміртау қаласында біреудің пәтерін тонап, теледидарын алып кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 желтоқсанда 48 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласып, пәтерінен белгісіз біреудің ашық түрде теледидарын ұрлап кеткені туралы шағымданған.
Келтірілген шығын мөлшері 180 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері 48 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.