Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда полицейлер Қостанайдан келген есірткі тасымалдаушыларды қолға түсірді

Теміртауда "Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері мен патрульдік полиция батальоны есірткі тасымалына тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер 34 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатқан. Көліктің салонында Қостанайдың 20 және 26 жастағы екі тұрғыны болған. Тінту кезінде олардың қалталарынан есірткіге ұқсас зат салынған бес қаптама тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктілер Қостанайдан Теміртауға үш күн бұрын келіп, қала іші мен маңайына есірткі қоймаларын жасағанын мойындады. Сондай-ақ олардың телефондарынан куратормен хат алмасу деректері табылды. Хатта есірткі қойылған орындардың мекенжайлары көрсетілген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты есірткі заттарының заңсыз айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру