Теміртауда телефонын жөндетпек болған тұрғын алаяққа алданып қалды
Теміртауда телефонын жөндетпек болған тұрғын алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz
27 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Ескіқала полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Жәбірленуші әйел танысының үйіне қонаққа барғанын айтты. Пәтерде ол білмейтін тағы бір ер адам болған. Біраз уақыттан кейін бейтаныс адам өтініш берушіден шұғыл қоңырау шалу үшін телефонын сұраған. Ұялы телефонды алғаннан кейін пәтерден шығып, қайтып оралмады. Шығын мөлшері 58 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлері «Ізін суытпай» 25 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.
Сол күні Ескіқала қалалық полиция бөліміне 31 жастағы әйел жүгінді. Ол екі аптадан астам уақыт бұрын телефонмен техникалық бұзылушылықтар болғанын хабарлады. Таныстары оған белгілі бір шеберге жүгінуге кеңес берді. Соңғысы телефонды тексеріп, өз қызметтерін 30 мың теңгеге бағалады.
Жәбірленуші бейтаныс адамға қажетті ақшаны және ұялы телефонды берді. Біраз уақыттан кейін ер адам байланысқа шықпады. Алаяққа тап болғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінді. Залалдың жалпы мөлшерін 230 мың теңгеге бағалады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 28 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.