Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда тұрғын 200 радиатор секциясын ұрлап кетті

Теміртауда тұрғын 200 радиатор секциясын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 мамырда 30 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы, Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласып, қоғамдық моншадан белгісіз біреу алюминийден жасалған 200 радиатор бөлімдерін ұрлап кеткен деп түсіндірді. Келтірілген шығын мөлшері 800 мың теңгені құрайды.
Полиция ұрланған заттар моншаның жертөлесінде болғанын анықтады. Оның көлемін және ауыр салмағын ескере отырып, тәртіп сақшылары бірнеше ұры әрекет етті деп болжады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

17 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 33 және 34 жастағы екі ер адам ұстады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру