Теміртауда тұрғынның сыртынан несие алған алаяқ ұсталды
Теміртауда тұрғынның сыртынан несие алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші ер адам микрокредиттік ұйымдардың бірінде белгісіз біреудің оған несие рәсімдегенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 105 мың теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
13 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.