Теміртауда үй ұрысы қолға түсті
Теміртауда тұрғынның үйінен құнды заттарды ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 маусым күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 54 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші белгісіз біреудің пластикалық терезесін бұзып кіріп, үйдегі құнды заттарды ұрлап кеткені туралы арызданған. Оған келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құраған. Ұрлық үй иесінің үйде болмаған кезінде орын алған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел алдын алу іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы ер адам анықталып ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.