Теміртауда ұры дәмханада тұрғынның қол сөмкесін ұрлап кетті
Теміртауда ұры дәмханада тұрғынның қол сөмкесін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қарашада Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші кафеде болған кезде белгісіз біреу ішінде 140 мың теңге, құлаққап, құжаттар, косметикалық заттарды сөмкесімен ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
4 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 20 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттардың бір бөлігі алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.