Теміртауда жалдамалы пәтерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Теміртауда жалдамалы пәтердің ішінен жылу батареясын ұрлап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады.
Белгілі болғандай, күдікті қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен пәтер жалдап алған. Жалдамалы үйде тұрған күдікті ол жерден жұлу жүйесінің батареяларын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 460 мың теңге. Күдікті жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.