Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда жеке кәсіпкердің сауда дүңгіршегін ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

Теміртауда жеке кәсіпкердің сауда дүңгіршегін ұрлап кеткен күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 74 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші аяқ киім жөндеу жұмыстары бойынша жеке кәсіппен айналысатыны белгілі болды.

Арызданушы полицияға бірнеше күн жұмыста болмаған кезде белгісіз біреу оның жоқтығын пайдаланып, аяқ киім жөндеу дүңгіршегін ұрлап кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру