Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда жер үйлердің бірінен зергерлік бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды

Теміртауда жер үйлердің бірінен зергерлік бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша жер үйде тұратынын айтты. Күндізгі уақытта үйінен жұмыстарымен шығып, есікке кілт салуға ұмытып кеткен. Осы сәтті ұтымды пайдаланған белгісіз біреу үйге кіріп, алтын алқа, кулон және крест ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы азамат ұсталды. Ол ұрланған заттарды ломбардқа өткізгені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру