Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда жігіт саяжайдан темір қақпа мен шарбақты ұрлап кетті

Теміртауда жігіт саяжайдан темір қақпа мен шарбақты ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамызда 60 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне жүгінді. Белгісіз біреу саяжай аумағына кіріп, темір қақпа мен басқа да металл бұйымдарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 24 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті металл сынықтарын жинайтын орынға тапсырғанын түсіндірді. Айғақты заттар алынып, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру