Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаудағы дәмханадан құрал-сайман ұрлаған күдікті ұсталды

Теміртаудағы дәмханадан құрал-сайман ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 ақпан күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында қаладағы дәмханалардың бірінің иесі екенін көрсетіп, белгісіз біреудің көңіл көтеретін орыннан дәнекерлеу аппаратын, префоратор, болгарка және от арасын ұрлап кеткенін көрсеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 491 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 46 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру