Теміртаулық әйел қонаққа келіп, үй иесінен құрылыс құралдарын ұрлап кетті
Теміртаулық әйел қонаққа келіп, үй иесінен құрылыс құралдарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 шілдеде Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 44 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол жақында танысқан бір әйелді үйіне қонаққа шақырған. Таңертең ерте қонақ қоштаспай кетіп қалады. Өзімен бірге екі перфоратор және металл бұйымдарын тазалауға қолданылатын бұйымды ала кеткен. Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК 188 -бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.