Теміртаулық полицейлер алты ай бұрын ұрланған телефонды иесіне қайтарды
Теміртаулық полицейлер алты ай бұрын ұрланған телефонды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 2022 жылдың қараша айында 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші қаладағы қоғамдық көліктердің бірінде жүргізуші болып қызмет етеді. Сол күні аялдамалардың бірінде белгісіз біреу сырт киімінің қалтасынан құны 130 мың теңге тұратын телефонын ұрлап әкеткен.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.
Арада алты ай өткен соң криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.