Теміртаулық полицейлер ауыл тұрғынына ұрланған телефонын қайтарып берді
Теміртаулық полицейлер ауыл тұрғынына ұрланған телефонын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 39 жастағы ауыл тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші ауылдан Теміртау қаласына келіп, қажетті заттар сатып алу үшін көлігімен дүкендердің біріне келген. Ішке кіргенінде көлігінің есігін кілтке жабуыға ұмытып кеткен. Осы сәтті пайдаланған белгісіз біреу, жәбірленушінің көлігінен құны 200 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіден тәркіленген айғақ зат иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.