Теміртаулық полицейлер кәсіпорындағы металл ұрлығының жолын кесті
Теміртаулық полицейлер кәсіпорындағы металл ұрлығының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 желтоқсанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері мүліктік қылмыстарды анықтау және алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Сағат 03.00 шамасында бір кәсіпорынның аумағынан шыққан ауыр жүк тиелген көлікті байқады.
Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып тексеру кезінде 27 жастағы жүргізуші және 35 жастағы ер адам болған. Тексеру кезінде көлікке кәсіпорыннан ұрлап кеткен салмағы 160 келі металл тиелгені анықталды.
24-188-бап (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.