Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық қаскүнем зейнеткердің соңғы ақшасын тартып алған

Теміртауда зейнеткердің соңғы ақшасын тартып алған күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 78 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, оған үйдің кіреберісіне кірген кезде белгісіз біреу күтпеген жерден шабуыл жасап, қарияның әмиянын тартып алып, қашып кеткен.

Әмиянда зейнеткердің құжаттары мен 15 мың теңгесі болған.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) қылмыстық іс қозғалды.

Жәбірленуші жасына және өзіне қатысты қылмыстың кенеттен жасалуына байланысты қылмыскерді сипаттап бере алмады.

Алайда 2 ақпанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті 43 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, одан айғақ заттар алынды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру