Теміртаулық жігіт пәтер жалдап, ішіндегі заттарын қолды қылды
Теміртаулық жігіт бірнеше пәтер жалдап, ішіндегі заттарын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 сәуір күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 22 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші азаматша өзіне тиесілі пәтерін танымайтын біреуге жалға берген. Алайда пәтер жалдап алушы пәтер ақысын төлеуі былай тұрсын, уақытша алған пәтерден тоңазытқыш, кір жуатын машина, кептіргіш және балалар бөлмесінің жиһазын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 173 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
17 мамыр күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған заттардың жартысы айғақ зат ретінде тәркіленді.
Алдын ала тергеу барысында полиция қызмектерлері ұсталған ер адамның осыған ұқсас тоғыз қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Күдіктіге қатысты сотпен қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасуда.