Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық жұп дүкен сатушысын жалған чекпен алдап соққан

Теміртаулық жұп дүкен сатушысын жалған чекпен алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 сәуірде Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол өзінің кәсіпкер екенін және оның меншігінде дүкен бар екенін айтты. Сауда нүктесінде тұрған жұп 57 мың теңгеге тауар сатып алған. Тауардың ақшасын ол ұялы телефонға орнатылған бір қосымша арқылы төлеген. Кейін белгілі болғандай, іс жүзінде төлем жасалғанмаған.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен «ізін суытпай» 27 жастағы әйел және 32 жастағы күдікті ер адам анықталып, ұсталды. Олар өз кінәсін толықтай мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру