Алматыда өзенде қоқыс жәшігін жуған дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды
Алматыда Тереңқұр өзенінде қоқыс жәшігін жуған дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды.
Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тексеру жүргізіп, бұл заңсыз әрекетті Тереңқұр өзенінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінің қызметкерлері жасағанын анықтады.
Бұл дерек бойынша аталған мекеменің әкімшілігіне ҚР ӘҚбК-нің 505-бабында көзделген құқық бұзушылық – қаланы абаттандыру ережелерін бұзу бойынша хаттама толтырылды.
Айыппұл мөлшері 30 АЕК құрады.