Тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырылды
Қостанай облысының қалалары мен аудандарының әкімдері тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
УК-161/1 тергеу изоляторына баруға бастамашы жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекеттік қызметкерлерге тергеу изоляторында ұстау шарттары көрсетілді. Экскурсияға Қостанай облысының қалалары мен аудандарының әкімдері қатысты. Жалпы, тергеу изоляторына 20 шенеунік келді.
Қонақтарға тергеу мекемесін және жазасын өтеп жатқан адамдарға арналған бөлмелерді, сондай-ақ жеке камералармен, оларға қандай жағдайда ауыстырылатыны түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында бірінші басшылардың бағынышты сыбайлас жемқорлық лауазымды тұлға үшін жеке жауаптылығына, сондай-ақ профилактикалық жұмысты ұйымдастыруда жүйелі түрде жалтарғаны, әрекетсіздігі үшін түзетулер енгізілген болатын.