Тергеу изоляторында міндетті тестілеуден өткізеді
Алматы қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілген тұтқындар COVID-19 вирусын анықтауға арналған міндетті тестілеуден өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық әкімдігінің жанындағы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі аймақтық штабтың шешімі бойынша бүгін Алматы қаласы бойынша ұлттық сараптама орталығы тергеу изоляторына сотталғандар мен сотқа дейінгі тергеудегілер үшін COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған экспресс-тест берді.
Коронавирус инфекциясына тексеру тергеу қамауындағылардың ауыз-жұтқыншақ қуысынан сілекей алу арқылы жүзеге асырылды.
Мекеме әкімшілігі COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында тергеу қамауына алынып, ЛА-155/18 мекемесіне жеткізілген адамдардың барлығын тұрақты түрде тестілеуден өткізіп отыратын болады.
ҚР барлық аумағына төтенше жағдай енгізілуіне, сондай-ақ Алматы қаласында карантин жариялануына байланысты тергеу қамауындағылардың арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын барынша күшейту үшін шұғыл тергеу амалдарына қатысушылардан /тергеуші, адвокат/ басқа қамаудағылармен байланыс жасаушылардың барлығына 2020 жылдың 27 наурызынан бастап уақытша шектеу қойылды.
Сәлемдеме алу дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08.00-ден 13.00 сағатқа дейін жұмыс режиміне сәйкес жүзеге асырылады.