Тергеу изоляторында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары дәріс оқыды
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №72 мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жемқорлыққа қарсы күрес саласының мамандары лекция оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке құрамға дәріс оқыған Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің инспекторы Дәурен Жақсыбеков жемқорлықтың еліміздің дамуына тигізетін кері әсерлері жайлы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың ел экономикасын тежейтіні туралы да тілге тиек етті.
– Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан да жеке құрамға жемқорлыққа қарсы заңнамаларды кеңінен түсіндіре отырып, бас бостандығынан айыру орындарындағы заңдылық пен жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің маңызы зор, – деді өз сөзінде Дәурен Жақсыбеков.
Сонымен қатар жеке құрам алдында сөз сөйлеген мекеме басшылығы да қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты, жол апаттарының алдын алу үшін жол жүру ережесін сақтау күн сайын ескертіліп отыратынын, әрбір факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, жұмыстан шығаруға дейінгі жаза қолданылатынын атап өтті. Іскерлік жағдайында өткен дәріс кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заңнамалардағы өзгерістер туралы да түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жеке құрамның сұрақтарына жауап берді.