Тергеу изоляторында танымдық-тақырыптық дәрістер өтті
Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту аясында Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторының шаруашылық қызмет көрсету жасағында танымдық-тақырыптық дәрістер өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігінің нышаны, мемлекеттің тұтастығының белгісі болып саналады. Елбасының 2007 жылғы 4 маусымдағы «ҚР Президентінің Жарлығына толықтыру енгізу туралы» және 1998 жылғы 20 қаңтардағы «ҚР кәсіби және өзге де мерекелер туралы» жарлығына сәйкес, 4 маусымда ресми түрде елімізде мемлекеттік рәміздер күні аталынып өтеді. 1992 жылғы дәл осы күні егеменді елдің мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел жылнамасында тарихи дата ретінде жазылып, рәміздер күні болып белгіленді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын ашу, сотталғандардың бойындаға Отанға деген патриоттық сезімін ояту, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. Өйткені, жазасын өтеп жүрген әр адам бостандыққа шыққан кезде жан жақты, біздің қоғамның толыққанды мүшесі ретінде еліміздегі тарихи даталарды, кәсіби мерекелерді білуі керек. Күнделікті өмірде өзін ел азаматы ретінде сезініп, құқықтық жауапкершілігін түсініп, күнделікті еңбектеніп, Отанының өркендеуіне өз үлестерін қосуға талпынуы аса қажет.