Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторының кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тергеу изоляторының кітапханасына 150-ге жуық кітапты сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 мекемесінде ұсталатын айыпталушылар мен сотталғандардың темір тордың ішінде өзін-өзі тәрбиелеп, рухани дамытуын ұйымдастыру  мақсатында олардың бос уақыттарын кітап оқуға арнағандары құптарлық іс.

Қазіргі уақытта мекеменің кітапхана қорында түрлі жанрдағы 1200-ден астам  кітап бар және олардың жаңартылмағанына 10 жылдам астам уақыт өткен. Осыған орай мекеменің әкімшілігі кітапхана қорын әдеби кітаптармен жаңарту мақсатында Талдықорған қаласының қоғамдық бірлестіктерінің өкілдеріне арнайы хат жазған болатын.

2020 жылдың 6 қарашасында «Алматы облысының азаматтық альянсы» ассоциациясы формасындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ж.Нурмуханова, «ДОС.КZ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Л.Котельникова, «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің басшысы  Е.Радионова және «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің психологы В.А. Городецкая мекеменің кітапханасына 150-ге жуық әдеби кітапты сыйға тартты.

Өз кезегінде мекеме басшылығы қамауда ұсталатын адамдарға көмек көрсеткен қоғамдық бірлестіктердің басшыларына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру